Мемлекет басшысы Беларусь президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
– Беларусь халқының бірлігін, ұлттық рухының мықтылығын және елдің жасампаздық пен өркениет жолындағы батыл қадамын айшықтайтын бұл айтулы күннің символдық мәні ерекше. Қазақстандықтар бауырлас беларусь халқына айрықша ықылас танытып, оның төл мәдениеті мен бай дәстүріне зор құрметпен қарайды, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасында достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастық жолға қойылғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Беларусь халқына бақ-береке тіледі.
Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жол ашады - сарапшы
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30