Жиында Конституцияның саланы дамытудағы рөлін талқылады
Алматыда Халықаралық білім беру корпорациясына қарасты Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында «Жаңа конституция: қоғам, білім, және ғылым дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында республикалық жиын өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Басқосуда сарапшылар Ата заңдағы адами капиталды дамытуға қатысты нормалардың маңызын атап өтіп, олардың ғылым мен жоғары білім жүйесіне ықпалы жөнінде пікір алмасты. Жаңа конституцияның саланы дамытудағы рөлін талқылады.
«Қоғамдық келісімді билікпен халық арасында заңнамалық актілердің бастамасы болатын жаңа Конституцияның ішіндегі арнайы баптарын дұрыстап, адамдарға түсіндіру, жастарға жеткізу – мақсат. Заңнамалардың қоғамның дамуына да әсер ететін туралы арнайы баяндамалар жасалды», – деді халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Бахтияр Сәбденәлиев.
«Конституциямызда бәрі қамтылды, айтылды. Біз берілген ұсыныстардың бәрі халықтың ой сүзгісінен өтті. Ғалымдардың берген ұсыныстары Конституциямызда көрініс тапты», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің профессоры Ақылбек Исабеков.
Оқи отырыңыз: Құрылтай барлық сабақтастық пен институционалдық дәстүрді сақтауы керек - Президент