Жаңа Конституцияда адам капиталына айрықша мән берілген

03.07.2026 12:28
ӨКҚ Алматы

Алматыдағы комьюнити-орталықтар дирекциясының жетекшісі Диана Малаева жаңа Конституциядағы басты жаңашылдықтың бірі ретінде адам капиталының мемлекеттің стратегиялық ресурсы ретінде бекітілгенін айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, білім беру, ғылым, инновация мен жастардың әлеуетін дамыту енді мемлекеттік саясаттың басым бағыты ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің конституциялық міндетіне де айналып отыр.

«Ең маңыздысы – еріктілік қызмет алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл еріктілер қозғалысын дамытып, жастарды елдің қоғамдық өміріне тартуға жол ашады», – деді ол.

Сондай-ақ жастар қауымдастығының өкілі жаңа қоғамдық-саяси институттардың маңызы мен жас азаматтардың елді дамытуға атсалысу мүмкіндігінің кеңейгенін ерекше атап өтті.

Оқи отырыңыз: Бауыржан Маханбет: Жаңа Конституция – жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыратын негіз