Жаңа мектеп пен емхана: Шаһар басшысы Түрксіб ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Сәкен Сейфуллин атындағы саябақты көркейту жұмыстарымен де танысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды кезекті жұмыс сапарымен Түрксіб ауданына барып, көшелерде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv 

Сейфуллин даңғылынан Шолохов көшесіне дейінгі ұзындығы 3,3 шақырым болатын Ақан Сері көшесінде орташа жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Аталған аумақта жол жабыны жаңартылып, заманауи қалқымалы кәріз қақпақтары орнатылмақ. Сондай-ақ техникалық тротуарлар да салынады. Бұдан бөлек, жүргіншілерге қолайлы инфрақұрылым мен қоғамдық көлік аялдамаларын көркейтуге ерекше мән беріліп отыр. Жоспар бойынша жұмыс осы айдың соңына дейін аяқталады.

Сонымен қатар шаһар басшысы Сәкен Сейфуллин атындағы саябақты көркейту жұмыстарымен де танысты.

Айта кетейік, мұнда жүргіншілер аймақтары жаңартылып, спорт және балалар ойын алаңдары қайта жабдықталған және гүлзарлар отырғызылған. Кездесу барысында тұрғындар ауданның жай-күйі, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа емхана мен мектепке қатысты сауалдарын қойды. Қала әкімі барлық ұсыныс-пікірді мұқият зерделеп, тиісті шешім қабылдау үшін жауапты мамандарға тапсырма берді.

«Менің немерелерім  № 74 мектепте оқиды. Мектепті бұзып, заманауи мектеп салып берсе, себебі жыл аяғына дейін ғимарат сүрілетінін айтты. Заманауи үлгіде жайлы мектеп салынғанын қалаймын», – деді қала тұрғыны Гауһар Сейсенбекқызы.

«№13 емхананы көшіру мәселесі бойынша сқрақ қойдым. Ибасов көшесінде жаңа нысан салынды. Қазіргі таңда емханамыз тұрғын үйдің ішінде орналасқандықтан, оны жаңа ғимаратқа көшіруді сұрадық. Әкім бұл мәселе жақын арада шешілетінін айтып, алдағы екі-үш айдың ішінде емхананың жаңа орынға көшірілетінін жеткізді», – деді қала тұрғыны Саламат.

Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру: Алматыда халықаралық конференция өтті

Новости партнеров