Жаңа мектептер, ваучерлік қаржыландыру, жаңа инфрақұрылым: білім берудегі өзгерістер қандай

primeminister.kz
primeminister.kz

2020 жылдан бері елімізде 1,2 мыңнан астам мектеп салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда білім беру саласын дамытуға бағытталған ауқымды реформалар жалғасып жатыр. Негізгі мақсат – қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтып, әр балаға сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау, деп хабарлайды Аlmaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа мектептер мен инфрақұрылымды жаңарту

2020 жылдан бері елімізде 1,2 мыңнан астам мектеп салынды. Нәтижесінде 1 млн-нан астам оқушы орны ашылып, үш ауысымды мектептердің саны төрт есеге қысқарды. Биыл тағы 96 мектепті (53 мың орын) пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар қолданыстағы мектептерді жаңғырту жұмыстары да жүріп жатыр. Алдағы үш жылда 1,3 мың мектепті жөндеу көзделсе, соның 820-сы ауылдық жерлерде орналасқан.

2025 жылдан бері 215 мектеп жаңартылған. Жөндеу барысында пәндік кабинеттер, асханалар, спорт залдар мен қауіпсіздік жүйелері жаңартылуда.

Мектепке дейінгі білім және ваучерлік жүйе

Мектепке дейінгі білім беру саласы да кеңейіп келеді. Қазір елімізде 12 мыңнан астам балабақша жұмыс істейді, олардың 1 млн-нан астам бала тәрбиеленуде. 2–6 жас аралығындағы балаларды қамту деңгейі 70,9%-ға жеткен.

Қолжетімділікті арттыру үшін 20 қала мен 23 ауданда ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы іске қосылды. Жобаға 6 мыңға жуық ұйым қатысып, 936 мыңнан астам ваучер берілген. Бұл жүйе кезектерді азайтуға және қаржыландырудың ашықтығын арттыруға ықпал етті: балабақша кезегі 160 мыңнан 18 мың балаға дейін қысқарған.

Соңғы үш жылда мектепке дейінгі ұйымдарда 223 мың жаңа орын ашылды. 2027 жылға дейін тағы 76,5 мың орын енгізу жоспарланған.

Жалпы, жүргізіліп жатқан реформалар білім беру жүйесін жаңғыртып қана қоймай, балалардың сапалы білім мен қауіпсіз ортада дамуына жағдай жасап отыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның ұлттық парктеріне келушілер саны 3,7 млн адамға дейін артты

Новости партнеров