Жаңа оқу жылы қашан басталады: оқушылардың демалыс кестесі жарияланды
Almaty.tv
Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін айқындады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың демалыс кезеңдерін бекітті.
Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
- Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.
- Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылғы 28 желтоқсан мен 2027 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді.
- Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.
- Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында өтеді.
- Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына созылып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Оқи отырыңыз: Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
27.09.2026 13:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
28.09.2026 09:58
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қызметінен босатты
27.09.2026 09:01
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
27.09.2026 15:42