Жаңа жылдық сыйлық: Алматыда мамандар мемлекет қамқорлығындағы бүлдіршіндерді құттықтады

Әлеуметтік қолдау шаралары 20 мыңнан астам бүлдіршінге көрсетіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мереке аясында мемлекет қамқорлығындағы бүлдіршіндер ерекше назарда. Арнайы мамандар әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға барып, денсаулық жағдайына байланысты жаппай шараларға қатыса алмайтын балаларды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұндай бастамалар қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті нығайтып, әр балаға шынайы көңіл бөлуге мүмкіндік бермек. Қалада балалар құқығын қорғау мен әлеуметтік қолдау шаралары 20 мыңнан астам бүлдіршінге көрсетіледі.

«Мемлекет қамқорлығындағы балалардың тыныс-тіршілігін қадағалау мақсатында жылына кемінде екі мәрте аралау жұмыстары жүргізіледі. Осы жолы бұл үрдіс мерекелік сипат алып, бүлдіршіндерге жаңа жылдық тартулар жасаумен ұласты», – деді Медеу аудандық білім бөлімінің бас маманы Алихан Қанат.

Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында емхананың филиалы ашылды

Новости партнеров