Жаңаөзенде 7 баланың анасы көз жұмды - күдікті күйеуі

Әйеліне суық қару сұғып алған ер адам полицейлерге өзі хабар беріп, үйінен шығып кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда қанды оқиға. Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылында 43 жастағы ер адам әйелін пышақтап тастады, деп хабарлайды Almaty.tv

Көпбалалы ана алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Әйеліне суық қару сұғып алған ер адам полицейлерге өзі хабар беріп, үйінен шығып кеткен. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні көшеден ұстапты. Ерлі-зайыптының ортақ 7 баласы бар. Оның бесеуі кәмелет жасына толмаған.

«Марқұмның жұбайы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде туындаған. Аталған дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғады», – деді Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Сағынов.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында 10 жастағы оқушы сабақ үстінде қайтыс болды

Новости партнеров