Ақмола облысында 10 жастағы оқушы сабақ үстінде қайтыс болды

Сабақ кезінде баланың жағдайы кенеттен нашарлап, жедел жәрдем шақырылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысының Қосшы қаласында қоғамдық мәдени-спорт кешенінде өткен сабақ кезінде 10 жастағы қыз бала көз жұмды. Бұл оқиға Қосшы қалалық полиция бөлімінде тіркеліп, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, сабақ кезінде кәмелетке толмаған баланың денсаулығы күрт нашарлаған, – деп хабарлады полиция.

Тексеру нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушыларының мәліметінше, қыз бала «бронхиалдық астма» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. Сабақ кезінде баланың жағдайы кенеттен нашарлап, жедел жәрдем шақырылған.

Баланың жағдайы күрт нашарлағандықтан, дәрігерлер барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған реанимациялық көлікті қайта шақырды, алайда баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да басқарма басшысы 134 млн теңге пара алған - ҰҚК

Новости партнеров