Жаңаөзенде жас дәрігер жұмыс орнында пышақ жарақатынан көз жұмды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қайғылы оқиға 28 қаңтарда болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңаөзен қаласында ер адам дәрігерді аяусыз пышақтап тастады. Оқиға қалалық көпбейінді ауруханасының дәл дәлізінде, елдің көзінше болған,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Салдарынан қан көп жоғалтқан 29 жастағы дәрігер-терапевт бірден сол жерде жан тәсілім еткен. Дәрігердің өміріне медицина қызметкерлері араша түскенімен аман алып қала алмапты. Қайғылы жағдай екі ер адамның арасында болған отбасылық даудан туған. Әріптестерінің сөзінше, дәрігерге 22 рет пышақ сұғылған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Ол қылмысын жасап болған соң қалалық полиция басқармасына өзі барып, кінәсін толық мойындаған.

«Ерлер арасындағы отбасылық жанжал туындаған. Оқиғадан кейін, күдікті өз еркімен Жаңаөзен қаласы, Полиция басқармасына келіп, мойындап, арызын жазып берді. Аталған дерек Жаңаөзен қаласы, Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп тексеру біріңғай тізіміне ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды», – деді Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі Абай Сүйрібаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы ең сұранысқа ие мамандықтар мен жоғары жалақылар қандай

Новости партнеров