Жанболат пен Жазира әріптестері Кенжебек Жанәбіловпен құда болды

23.03.2026 15:14

Жанәбіловтің жаңа құдаларын өз шаңырағында күтіп алды

instagram.com/zhazira_bairbekova/

Әнші Жазира Байырбекова жалғыз ұлының қалыңдығына сырға салып, өнердегі әріптесі Кенжебек Жанәбіловпен ресми түрде құда болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазған. 

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбалардан Жанәбіловтің жаңа құдаларын өз шаңырағында күтіп алып, қызға сырға салғанын байқауға болады.

"Асылы келініміздің сырғасы салынды. Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше, жүрекке жылы күн болды. Көңіліміз толқып, қуаныштан көзімізге жас келді. Аллаға сансыз шүкір, жастарымыздың бақыты баянды, шаңырақтары берекелі болсын!", – деп жазды ол парақшасында.

Оқи отырыңыз: Тазару күні: Наурыздағы тазалықтың мәні