Заңсыз интернет-казино ісі: Алматы облысында 420 млн теңгенің мүлкі тәркіленді

11.02.2026 11:19

Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіпе жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство мәліметінше, заңсыз қызметті жасыру мақсатында жалған тұлғалардың атына тіркелген байланысы бар заңды тұлғалардың кең желісі пайдаланылған.

"1Win интернет-платформасы 11 мыңнан астам онлайн ойынға, сондай-ақ спорттық және киберспорттық оқиғаларға бәс тігуге мүмкіндік берген. Бәс қабылдау және ұтыстарды төлеу банк карталары, электронды төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүзеге асырылған", - делінген ҚМА хабарламасында.

Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланып, оларға қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Бұдан бөлек, қылмыстық жолмен алынған күдіктілердің мүлкін мемлекет пайдасына алу үшін сотқа дейінгі тәркілеу шаралары қолданылған. Оның ішінде: Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan, Toyota Land Cruiser автокөліктері, сондай-ақ банк шоттарындағы 151 млн теңге, 14 600 АҚШ доллары және 44 400 еуро бар.

Сот қаулысымен жалпы құны 420 млн теңгеден асатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тұрғын үй нарығында жасалған мәмілелер саны күрт азайған