Заңсыз ойын бизнесі: Ақтөбеде тоғыз адамға сот үкімі шықты

Күн сайын заңсыз онлайн казиноға 150 мыңнан 200 мың теңгеге дейін қаржы түсіп тұрған.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде заңсыз онлайн ойын бизнесін жүргізіп, табысын заңдастырған ұйымдасқан топтың мүшелеріне сот үкімі шықты. Тергеу дерегінше, олар бұл әрекетін арнайы мобильдік қосымша арқылы өткізген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қатысушылар аударған қаражатты операторлар қабылдап, жүйеге енгізіп отырыпты. Әр ойыншыға жеке «логин» мен «пароль» беріліп, ойынға кіруге сілтеме жолданған. Күн сайын заңсыз онлайн казиноға 150 мыңнан 200 мың теңгеге дейін қаржы түсіп тұрған.

Сот үкімімен тоғыз адам кінәлі деп танылып, оларға 2 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған үш автокөлік мемлекет меншігіне тәркіленді.  

«Қылмыстық кірістерді жылыстату мақсатында алаяқтар «дропперлерді» тартқан, яғни банктік карталары арқылы ақшаны қолма қол айналымға өткізген. Айта кетсек, ұйымдастырушылардың бірі 2020 жылы дәл осындай қылмыс бойынша қолға түсіп, жазаланған болатын, бірақ соған қарамастан заңсыз қызметін тоқтатпаған», - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Алматыда бір донордың ағзалары алты адамның өмірін сақтап қалды

Новости партнеров