Заңсыз тауар: Елорда әуежайынан жүздеген жаңа iPhone тәркіленді
Қолданыстағы талаптарға сәйкес, бір адам кеден шекарасы арқылы екі смартфоннан артық алып өте алмайды
Астана әуежайында 223 су жаңа iPhone 18-ді елге заңсыз алып кірмек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жолаушылар смартфондарды багаж арқылы «жасыл дәлізбен» өткізбек болған. Яғни, кедендік декларация ұсынбаған. Кеденшілер 10 адамды тексерген. Ең көп гаджет бір жолаушының жүгінен шыққан, одан бірден 50 iPhone табылған. Кеден қызметінің мәліметінше, анықталған адамдардың төртеуі жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Тағы төртеуі смартфондарды кәсіпкер ретінде тіркелмей әкеліпті.
Айта кетейік, қолданыстағы талаптарға сәйкес, бір адам кеден шекарасы арқылы екі смартфоннан артық алып өте алмайды
Оқи отырыңыз: Алаяқтардың арбауы: 39 адам Ұлттық банк атын жамылғандардың құрбаны болды