Заңсыз тексеріс: маңғыстаулық кәсіпкердің шығыны өндіріледі

Ішкі істер бөлімінің 16 қызметкері жедел профилактикалық іс-шара жүргіземіз деген желеумен кәсіпкердің 584 келі балығын тәркілеген 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Балық шаруашылығымен айналысатын маңғыстаулық кәсіпкердің шығыны заң аясында өндіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бір түнде 4 млн теңге қаржысынан айырылған Айжан Нұғманова шағымын Бас прокуратураға жеткізген болатын. Нәтижесінде полицейлердің әрекеті заңсыз деп танылып, тергеу амалдары басталды. Ал бұған дейін балық өңдеу цехінің иесі тексеріс жүргізгендердің үстінен шағым түсіргенде, қылмыстық құрам жоқ деп істі қысқартып тастаған.

 «Бұл жерде қылмыстық істі тергеу барысында полиция қызметкерлерімен арнайы жедел іздестіру шаралары жүргізілмеген, кәсіпкерлік палата басшысы баяндамасында айтқандай, тек  учаскелік полиция қызметкерінің ауызша хабарламасы негізінде қылмыстық іс тіркелген. Бұл бойынша полиция қызметкерлері кәсіпкердің аумағына тек кіріп барған», – деді Маңғыстау облыстық прокуратурасы басқармасының прокуроры Ерлан Боқыш.

Еске салайын, осыдан бірер ай бұрын Ішкі істер бөлімінің 16 қызметкері өндіріс орнына барып, жедел профилактикалық іс-шара жүргіземіз деген желеумен кәсіпкердің 584 келі балығын тәркілеп, алып кеткен болатын. Полицейлердің бұл әрекеті заңсыз деп танылып, өңірдегі Сыбайлас жемқорлық агенттегінің арнайы есеп кітапшасына жазылды. Айғақ зат ретінде тәркіленген балықтарды цех иесіне  қайтарып беру бұйрығы да шыққын. Алайда кәсіпкер олардың қандай жағдайда сақталғанын білмегендіктен, шығынды моральдық деп есептеуді талап етіп отыр.

 «Менің сұрақтарыма әлі күнге дейін жауап жоқ. Мен өзімді қорғау үшін 62 хат жолдадым. Қанша сұрақ қойылды, бірде-бір жауап жоқ. Біз сауалдың барлығын «Е-Өтініш» арқылы жібердік», – деді кәсіпкер Айжан Нұғманова.

Оқи отырыңыз: Шығын көлемі анықталды: Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталды

Новости партнеров