Заңсыз жанармай саудасы: 112 тоннадан аса сұйық отын тәркіленді

Қолданыстағы талапқа сәйкес, мемлекеттік шекарадан тек көліктің штаттық багындағы отынмен ғана өтуге рұқсат етіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Заңсыз жанармай саудасы азаймай тұр. Мәселен шілденің басынан бері шекарашылар жанар-жағармай өнімдерін заңсыз шығаруға қатысты 1342 әрекетті анықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тәркіленген сұйық отынның жалпы көлемі 112 тоннадан асады.

Айта кету керек, елімізде бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін ел аумағынан шығаруға уақытша тыйым салынған. Қолданыстағы талапқа сәйкес, мемлекеттік шекарадан тек көліктің штаттық багындағы отынмен ғана өтуге рұқсат етіледі. Оның өзінде бір автокөлік тәулігіне бір рет қана шекара аса алады. Ал қосымша бөшке және өзге де ыдыстарға құйылған жанармайды алып шығуға рұқсат жоқ. Бұл ішкі нарықтағы жанармай қорын сақтау және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Оқи отырыңыз: Алматыда кибершабуылға қарсы оқу-жаттығу өтті