Референдумға дейін:
16
күн
12
сағат
29
минут

Жантүршігерлік жол апаты: Алматыда 20 жастағы жүргізуші қаза тапты

Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен марқұмның денесін темір тұлпардан шығарып алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 20 жастағы жүргізуші қаза тапты. Қайғылы жағдай Құлжа тасжолында болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алдын ала мәліметке сәйкес, апат Рысқұлов даңғылы мен Бұқтырма көшесінің аралығында, жанармай құю бекетінің маңында тіркелген. Жүк тиелген Mercedes-Benz пен Mazda көлігі бетпе-бет соқтығысып қалған. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік жүргізушісі машина ішінде қысылып, оқиға орнында мерт болды. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен марқұмның денесін темір тұлпардан шығарып алды. Қазіргі уақытта полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Mazda жүргізушісі 2006 жылы туылған ер азамат оқиға орнында жан тәсілім етті. Қазіргі таңда Алматы қаласының Полиция департаментінің анықтау басқармасымен адам өліміне әкелген жол көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалық деректер тағайындалды», – деді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек

Оқи отырыңыз: Немересімен жасты қызды зорлаған зейнеткер сотталды

 

 

Новости партнеров