Отаны офтальмолог дәрігерлердің толық құрамы мен анестезиологтар бірлесіп жасады
Павлодарда үш жастағы қыз абайсызда көзіне өзі қайшы сұғып алған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бүлдіршіннің ата-анасы жарақаттың ауырлығын бірден аңғармапты. Тек баланың көзі қатты қызарып, жасаурап, жарыққа қарай алмай қалған кезде ғана дәрігер көмегіне жүгінген. Мамандар балаға қасаң қабықтың тесіп өткен жарақаты және көздің ішкі қабықтарының сыртқа шығуы диагнозын қойған. Ақ халаттылар балаға шұғыл түрде күрделі ота жасап, көз жанарын аман алып қалыпты. Операциядан кейін де бүлдіршін жіті бақылауда болған
«Бұл техникалық тұрғыдан өте күрделі, аса ұқыптылықты қажет ететін жұмыс болды. Ол барынша дәлдікті және тәжірибені талап етті. Отаны офтальмолог дәрігерлердің толық құрамы мен анестезиологтар бірлесіп жасады. Қазіргі уақытта қыз баланың жағдайы тұрақталды. Бала амбулаториялық бақылауға алынып, үйіне шығарылды», – деді Павлодар облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік жол апаты: Алматыда 20 жастағы жүргізуші қаза тапты