Жантүршігерлік жол апаты: Атырауда бір адам көз жұмды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Еркінқала ауылдық округінде таңға жуық болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Екі жеңіл автокөлік көше қиылысында соқтығысып, аударылған. Салдарынан 25 жастағы жігіт сол жерде жан тапсырды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан соққының ауыр болғаны және темір тұлпарлардың сау-тамтығы қалмағаны анық көрінеді. Бұдан бөлек, көлік ішінде болған тағы бірнеше адам түрлі дене жарақаттарын алған. Қазір полиция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

«Toyota Alphard  және Chevrolet көліктерінің қатысыуымен көлік оқиғасы болды. Салдарынан Chevrolet көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ екі автокөліктің жолаушылары түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, өңірдің тәртіп сақшылары жол көлік оқиғасының алдын алу мақсатында көлік жүргізушілермен және жол қозғалысына өзге де қатысушыларына жол апаттарының алдын алуға және жол қозғалыс ережелерінің мұқият болуды ескертеді», – деді Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Оқи отырыңыз:  Ақтөбеде қоқыстан шақалақ табылды

Новости партнеров