Жантүршігерлік жол апаты: Қостанайда байкер қаза болды

13.10.2026 19:29

Екіншісі дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды

Қостанай облысында жүк көлігі мен екі мотоцикл соқтығысып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Мотоцикл тізгіндегендердің бірі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізіліпті. Жантүршігерлік жол апаты өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, жоғары жылдамдықта келе жатқан екі мотоцикл жүк тиелген КамАЗ солға бұрылып жатқан сәтте тежегішті басып үлгермей соқтығысқан.

Байкерлердің бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. 

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес баға беріледі. Полиция жол қозғалысына қатысушыларды сақ болуға шақырады", - деді Полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Сандуғаш Есеева.

Оқи отырыңыз: Абай облысындағы мектепке сапасыз көмір жеткізілген

Толық көрсету