Жантүршігерлік жол апаты: Қызылордада бір адам көз жұмды

Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қайғылы оқиға Тәуелсіздік даңғылы мен Есқараев көшесінің қиылысында үш автокөліктің қатысуымен болған. Салдарынан жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ваз 2106 автокөлігінің жүргізушісі қаза тапты. Оқиға орнына шақыртумен полиция наряды Аталған дерек бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді Қызылорда облыстық Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Әділ Анарбаев.

Оқи отырыңыз: ІІМ заңсыз қару-жарақты тәркілеу жұмыстарын жалғастырып жатыр

Новости партнеров