Жаппай ЖИ-сауаттылығын қалыптастыру: Қазақстанда қандай жобалар жүзеге асырылып жатыр
Аlmaty.tv
Бүгінде 668 мыңнан астам студент ЖИ бойынша курстардан өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Coursera Қазақстанды білім беруді цифрлық трансформациялау бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде ресми түрде таныды. Жоба бойынша үш жыл ішінде 235 мыңнан астам студент 503 мыңнан астам сертификат алды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бір жыл ішінде студенттер бірқатар бағдарламаны меңгерді. «Баршаға арналған генеративті ЖИ», «ChatGPT-ге арналған промпт инженерия», «ChatGPT арқылы жаңашыл оқыту» сияқты курстар үлкен қызығушылық тудырды», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Оның айтуынша, AI Sana бағдарламасы аясында Coursera жасанды интеллект бойынша даярлаудың базалық алаңы ретінде пайдаланылады. Бүгінде 668 мыңнан астам студент ЖИ бойынша курстардан өтті.
«Бағдарламаның негізгі мақсаты – ЖИ-сауаттылығын жаппай қалыптастыру және практикалық цифрлық дағдыларды дамыту. Қазір бағдарламаның екінші кезеңін іске қосу шаралары басталды, онда негізгі басымдық ЖИ саласындағы кәсіпкерлік құзіреттілікті қалыптастыруға жасалады. Бұл кезеңде жобалық идеялары бар студенттер арасынан іріктеу жүргізіліп, 100 студент оқытылады», - деді вице-министр.
Оқи отырыңыз: Қазақстан алғашқы халықаралық OpenAI Edu for Countries тобына қосылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
11.09.2026 13:00
Ізденістен қорықпаңыз: 12 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
12.09.2026 10:37
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
12.09.2026 09:08
11 қыркүйекке арналған валюта бағамы
11.09.2026 10:04
Шашты қаншалықты жиі жуған дұрыс
12.09.2026 12:58