Жарнамасына алдандық: Алматы облысында тұрғындар жаңа үйдің сапасына шағымданды

29.06.2026 20:58

Жаңа тұрғын үй кешенінде басты мәселе – ауыз су

«Жарнамасына алдандық». Алматы облысында бір тұрғын үй кешенінің халқы күні кеше пайдалануға берілген көпқабатты баспананың сапасына шағымданды. Сөздерінше, құрылыс компаниясы бастапқыда берген уәдесінде тұрмаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Дәл мына үйлер бір қарағанда қасбетінде мін жоқ болып көрінеді, алайда ішінде сын көп, - дейді тұрғындар. Сөздерінше, олар сапасыз құрылыс пен аяқталмаған жұмыстардың кесірінен күнделікті қиындық көріп отыр. Үйді сатып аларда құрылыс компаниясы уәдені үйіп-төккен. Балалар алаңы, арнайы автотұрақ, жайлы аула, тағысын тағы. Алайда бүгінде оның бірі де жасалмаған.

«Үйді алатын кезде өте керемет болды. «Ортаңғы тұста балалар алаңы, сауда орталығы, дүкен  қарастырылған, тау беткейінде орналасөан түрғын үй кешені» деп жарнамасы жер жарып тұрғын», – деді Қырғауылды ауылының тұрғыны ¤Әйгерім Юсупова.

 Жаңа тұрғын үй кешенінде басты мәселе –- ауыз су. Қарашаның сөзінше,тіршілік нәрі аптасына бірнеше рет өшіріледі. Ал қайта қосылған кезде түсі өзгеріп, лай су ағады. Бұған қоса, тұрғындар коммуналдық төлемдер де негізсіз жоғары дейді. Тіпті бүгінге дейін ауыз су жүйесіне нақты кімнің жауапты екенін және төлемдердің қалай есептелетінін түсінбей келеді.

«Судың бағасы 350 куб теңге. Ондай баға еш жерде жоқ. Облыс болып саналады ғой, су деген арзан болуы керек. Төлемдердің бәрі өтірік, ауадан алып жаза береді», – деді Қырғауылды ауылының тұрғыны Жүзімжан Исағұлова.

  Ал құрылыс компаниясының өкілдері әзірге уақытша есептеу жүйесі қолданылып жатқанын айтады. Сондай-ақ анықталған барлық кем-кетік кепілдік міндеттеме аясында кезең-кезеңімен түзетіліп жатқанын жеткізді.

«Біздің балансқа келіп түсіп тұр, басқарушы компания тұрғындарғы бөліп беріп отыр. Болашақта бізді арластырмай өздері істейтіндей жоспарлап отырмыз. Кепілдікке қарай, бүлінген жерді қайта жасап жатырмыз», – деді құрылыс компаниясының өкілі Дана Абдуллаева.

Тұрғындар шағымынан пәтер иелері кооперативі де хабардар. Сөздерінше, барлық жұмыс кестеге сәйкес жүріп жатыр.

«Қабырға жарылып жатыр, ол рас. Медігер жұмыстарын жүргізіп жатыр. Балалар алаңы апта соңына дейін жасалады», – деді Пәтер иелері кооперативінің өкілі Әмір Омаров.

 Құрылыс компаниясының өкілдері балалар ойын алаңын апта соңына дейін жасап береміз деп уәде берді. Ал ауыз су мәселесінің нақты қашан шешілері әлі белгісіз болып тұр.

Диана Тұрлыбек, Ернат Болатбек, Алматы облысы

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің 5 қызы мерт болды