Жарты жылда 36 мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды

30.07.2026 15:17

Мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеру жүргізді

Көрнекі фото: Аlmaty.tv

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы нәтижесінде 36 мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 1 шілдедегі жағдайға сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,6 мыңнан астам тексеру жүргізді. Оның нәтижесінде жұмыс берушілерге анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар беріліп, жұмыскерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған тиісті шаралар қабылданды.

Жалақының уақытылы төленуін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда. Тексерулер барысында бірқатар кәсіпорындарда жұмыскерлер алдындағы жалақы бойынша берешек анықталды. Жұмыс берушілермен бірлесіп берешекті өтеу кестелері бекітіліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынды. Соның нәтижесінде берешектің бір бөлігі өтеліп, жүздеген жұмыскердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және жұмыс берушілердің еңбек міндеттемелерін орындаудағы жауапкершілігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.

Оқи отырыңыз: Қайтарылған активтер: Бейнеу аудандық ауруханасы жыл соңында пайдалануға беріледі