Қайтарылған активтер: Бейнеу аудандық ауруханасы жыл соңында пайдалануға беріледі

Жобаға 3 миллиард 650 миллион теңге бөлінген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Нысан қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жобаға 3 миллиард 650 миллион теңге бөлінген. Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен қосымша 422 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған. 2025 жылдың наурыз айында басталған жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы артпақ. 1984 жылы бой көтерген ауруханаға осы уақытқа дейін жөндеу жүргізілмеген. Енді ғимарат толық жаңғыртылып, инженерлік желі, ішкі әрлеу жасалып, есік-терезелері ауыстырылады. Сондай-ақ нысан аумағы да абаттандырылады. Ғимарат жыл соңында толық пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, ауруханада инсульт орталығы мен травматология бөлімшесі ашылады.

«Осының артындағы блокта барлық бөлімшелер орналасып, сонда жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыны бітіргеннен кейін қыркүйек айында 2 блокқа ғимаратқа көшеміз. Содан кейін артында қалған ғимараттардың жұмыстары жүре береді. Әрине тездетіп бітіп әр отделение өзінің орнына орналасқаны жақсы. Өйткені халыққа медициналық сапалы қызмет көрсетуіміз қажет», – деді Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының директоры Сәбит Кеулімжаев.

Оқи отырыңыз: Ашық аспан астындағы кітапхана: Алматыдағы саябақтарда буккроссинг қалай дамып келеді