Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның 2026–2031 жылдарға арналған ғылыми-инновациялық жүйесін жаңғыртудың жаңа моделі әзірленді. «Ашық қолданбалы ғылым» тұжырымдамасында ғылыми нәтижелерді тікелей өндіріске енгізу, оларды коммерцияландыру және нақты нәтижеге бастайтын кешенді жобаларды қаржыландыру секілді басты бағыттар айқындалған, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Ғылым мен бизнестің арасындағы алшақтықты қалай жоямыз? Жасанды интеллект пен цифрландыру жылында отандық ғалымдар қандай тың жобаларды қолға алмақ? Осы және өзге де сауалдарға студия қонағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы пәнаралық ғылым орталығының директоры Қуантар Әлиханов жауап береді.
Толығырақ төмендегі бейнематериалдан көре аласыз.