Жастар заман талабына сай мамандықтарды меңгеруі тиіс: Алматыда өзекті мәселелер талқыланды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жастарымен кездесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жастар заман талабына сай мамандықтарды меңгеріп, білімге қызығушылықты арттыру керек». Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жастарымен өткен бейресми кездесуде осылай деді. Жиынға «Талдау мектебі. Алматы» жобасының түлектері, жоғары оқу орындарының, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми бірлестіктердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шарада «Адал азамат», «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын жүзеге асыру, ысырапшылдыққа жол бермеу, жастар арасында заманауи қоғамдық құндылықтар қалыптастыру жайы сөз болды. Сондай-ақ басқосуға қатысушылар Абзал Нүкеновке өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, қала өмірін жақсартуға бағытталған жобаларын ұсынды.

«Жастардың тұрып жатқан, жасампаздық танытып жатқан қаласы болғандықтан Алматы қаласының мектеп оқушылары, студенттік орта немесе басқа жұмысшы жастарының жағдайв өте өзекті. Сондықтан да мен ойлаймын мәселе өткір болуы керек», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

«Мемлекет тарапынан жастарға деген үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Сол қолдауды ақтау үшін немесе өз алғысымызды білдіру үшін жастар жағынан да көп жұмыс жасалып жатыр. Әртүрлі жобаларға қатысып жатырмыз және өз ойымызды білдіріп, мысалы, қала әкімдігіне көмектесуге тырысып жатырмыз», – деді  «Талдау мектебі. Алматы» жобасының түлегі Айдана Ғалымжанова.

Оқи отырыңыз: Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды