Жастардың саяси белсенділігі мен сайлауға қатысуының маңызы талқыланды

Мамандар сайлауға қатысу деген тек дауыс беру емес, елдің алдағы даму бағытына қатысты азаматтық ұстанымды білдірудің белгісі екенін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алдағы сайлау – азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігін айқындайтын маңызды кезеңдердің бірі». Сарапшылардың айтуынша, жастардың елдегі саяси өзгерістерге бейжай қарамай, қоғамдық үдерістерге араласуы маңызды, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі.

Мамандар сайлауға қатысу деген тек дауыс беру емес, елдің алдағы даму бағытына қатысты азаматтық ұстанымды білдірудің белгісі екенін айтты.

«Өз мүдесін ел мүддесінен жоғары қоятын, елдің болашағына, дамуына үлес қосуға атсалысатын мықты азаматтарды және азаматшаларды сайлау арқылы іріктеп шығу, соған қатысу – азаматтық борышым деп есептеймін. «Мен жастарға сенемін» демекші, жастар Қазақстанда өте үлкен үлесті алады. Жастардың дауысы да өте маңызды. Болашақ жастар арқылы, жастардың еңбегі арқылы құрылады», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зерттеуші-доценті Базаргүл Мәткерім.

«Ашық саясат негізінде барлық азамат мемлекеттегі заңнамадағы өзгерістерді, өзінің құқығын, міндетін біліп отыруы керек. Сондықтан Құрылтайға қатысып, қандай өзгерістер болатынын, олардың болашағына қалай әсер ететін біліп отыруы керек», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы Әсел Оспан.

Оқи отырыңыз: Абай облысында су тарифін заңсыз көтерген кәсіпорын жауапқа тартылды