Жасыл энергетика: Қазақстанда «QaJET» платформасы іске қосылады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Арнайы меморандумға қол қойылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Энергетика министрлігі, ЕҚДБ және Экология министрлігі «QaJET» энергетикалық көшу инвестициялық платформасын құру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

РЭС-2026 екінші күні Қазақстанның энергетикалық ауысуына арналған «QaJET» елдік инвестициялық платформасын құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және ЕҚДБ-ның Орталық Азия мен Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Өзхан қол қойды.

«QaJET» жаңа платформасы инвестицияларды тиімді жұмылдыруды қамтамасыз етуге, мемлекеттік бастамаларды үйлестіруге және Қазақстанның энергетика секторындағы төмен көміртекті жобаларды дамытуға бағытталған», - делінген министрлік хабарламасында.

Қатысушылардың айтуынша, аталған тетікті құру Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы әріптестікті нығайтуда, сондай-ақ елдің тұрақты және «жасыл» даму мақсаттарын ілгерілетуде маңызды қадам болмақ.

Оқи отырыңыз: Алматыда интернет-алаяқтаға қарсы күрес қалай жүріп жатыр

Новости партнеров