Зауыттағы жарылыс: 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv

Жібек жолы ауылындағы ұн шығаратын зауытта жарылыс болып, 4 адам зардап шеккен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысы Жібек жолы ауылында болған жарылыстан зардап шеккен 3 адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, денесінің 70-80 пайызын күйік шалған науқастардың жағдайы ауыр.

Айта кетейік, оқыс оқиға салдарынан ауруханаға түскен тағы бір адам бір күннен соң алған жарақатынан көз жұмған еді.

Еске салайық, үш күн бұрын Жібек жолы ауылындағы ұн шығаратын зауытта жарылыс болып, 4 адам зардап шеккен.

1380 шаршы метр аумаққа тараған қызыл жалынмен 100 өрт сөндіруші және 51 техника арпалысып, 5 сағатта сөндірген. 

Оқи отырыңыз: Доланда көз жұмған оқушы өліміне қатысты күдіктінің ата-анасы жауапқа тартылды

Новости партнеров