Зауыттағы жарылыс: Ақтауда 4 адам ауруханаға түсті

22.07.2025 14:10

Екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтаудағы зауыттардың бірінде жарылыс болып, 4 адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Барлық науқасты күйік шалған. Мәлім болғандай, апатқа жылу цехындағы газ-ауа қоспасының жарылуы әсер еткен екен. Ал «КазАзот» мекемесінің ресми мәліметі бойынша, жұмысшылар құбыр желісіндегі ақауды жою кезінде газ кескіш құралын пайдаланған. Қазір құзырлы орган өкілдерінен құралған арнайы комиссия тергеуді бастады.

«Аталған оқиға бойынша Еңбек инспекциясы департаменті мен Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жазатайым оқиғаның себептері мен кінәлі тұлғалар арнайы тергеп-тексеру нәтижесінде анықталады», – деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы Бауыржан Кемалов.

   Оқи отырыңыз:  Жанармай тасымалы: Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жасырын тоннель анықталды