Жанармай тасымалы: Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жасырын тоннель анықталды

Қылмыстық топ жымысқы әрекеттерін жүзеге асыру үшін жер астынан 450 метрлік жол қазған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан жасырын тоннель арқылы жанармай өнімдерін өткізумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қарақшылар жымысқы әрекеттерін жүзеге асыру үшін жер астынан 450 метрлік жол қазған. Бұл қылмыстық схема екі ай бойы жұмыс істеген. Ал оларды қаржыландыру шетелде жүзеге асыпты.

Айта кетейік, халықаралық қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға екі елдің де құқық қорғау органдары қатысты. Күдіктілер арасында қазақстандықтар да бар.

 «Операция барысында қылмыстық схемаға қатысы бар барлық тұлғалар, оның ішінде Өзбекстан азаматтары да анықталды. Қазақстан Республикасының 5 азаматы күдікті ретінде танылды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға соттауды талап етті

Новости партнеров