Қолайсыз ауа райына байланысты жолдардың жекелеген учаскелерінде жылдамдық режимі де төмендетілді
Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты полиция күшейтілген режимге көшті. Өңірдегі республикалық трассаларда жазғы шинамен жүрген жүргізушілердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
8–9 қараша күндері «Астана – Щучинск», «Астана – Шідерті – Павлодар» және «Көкшетау – Атбасар» автожолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Сонымен қатар қолайсыз ауа райына байланысты жолдардың жекелеген учаскелерінде жылдамдық режимі де төмендетілді.
Тәртіп сақшылары қысқы маусымға дайын емес 744-тен астам автокөлікті кері қайтарып, олардың трассадағы қауіпті қозғалысына жол бермеді.
Полиция департаменті жүргізушілерді дөңгелектерін уақтылы қысқы шинаға ауыстыруға, жол ережелерін қатаң сақтап, алыс сапарға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын міндетті түрде тексеруге шақырады.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да ауа райына байланысты қашықтан оқытуға көшу температурасы бекітілді