«Қызыл орамалды Шынарым» қойылымы қойылды
Жазушы Шыңғыс Айтматовтың кітабы алғаш рет вьетнам тілінде жарық көрді. Бұл жөнінде мемлекет және қоғам қайраткерінің мерейтойына және ҚХА-ның 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияда белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Басылым «Айтматовтың жаңғырығы: Алатаудан ұлы далаға» атты жиында көпшілікке таныстырылды. Зиялы қауым мен этномәдени орталық өкілдерінің басын қосқан кеште әндер орындалып, «Қызыл орамалды Шынарым» қойылымы қойылды. Сондай-ақ жазушының шығармалары жинақталған кітап көрмесі ұйымдастырылып, дөңгелек үстел өтті.
Айта кетейік, іс-шараны өткізуге Достық үйі мен «Қазақстандағы қырғыздар Қауымдастығы» және «Мурас» Қырғыз этномәдени бірлестігі мұрындық болды.
«Қырғыз дегенде «Манас» еске түседі және Шыңғыс Айтматовты еске аламыз. Себебі Шыңғыс Айтматов қырғыздарды әлемге танытты деуге болады. Оны қырғыздар да, қазақтар да жақсы көреді, жақын тартады. Себебі, оның шығармаларында бүкіл қазақ халқының тұрмысы, өмірі, тағдыры көрініс тапқан», – деді «Мурас» қырғыз этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Манас Ташыбеков.
Оқи отырыңыз: Бала шақтан - болашаққа: Алматыда Сәуле Досжанның кітабы оқырманға жол тартты