Зейнетақы жинағындағы қаржыны емделуге алуға қашан рұқсат беріледі

15.01.2026 14:52

Соңғы уақытта радиохирургиялық қызметке қатысты өтінімдер саны күрт көбейген

Аlmaty.tv

Елімізде азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатын емделуге пайдалану мүмкіндігі алдағы алты айға уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы уақытта радиохирургиялық қызметке қатысты өтінімдер саны күрт көбейген. Егер бұрын мұндай өтініштер айына оннан аспайтын болса, биыл қаңтар айында олардың саны жеті мыңға дейін жеткен.

Жүргізілген тексеріс барысында бірқатар медициналық ұйымдарда қажетті құрал-жабдық пен білікті мамандардың жоқ екені белгілі болған. Сонымен қатар бір клиника көрсетілген мекенжайда мүлде тіркелмеген болып шыққан.

Қазіргі таңда заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Оқи отырыңыз: Бақ сынап көріңіз: Қазақстанда детектив шығармалар байқауы басталды