ҚР Үкіметі қаулысының жобасы зейнетақы жинағының ең төмен жеткілікті шегін белгілеу механизмін жетілдіруді мақсат етеді
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналған зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібіне және зейнетақы жинағының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Үкіметі қаулысының жобасы зейнетақы жинағының ең төмен жеткілікті шегін белгілеу механизмін жетілдіруді мақсат етеді. Сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру нарыққа сай болмақ.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына «өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің қаулысының жобасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақымен қамсыздандырудың барабарлығын арттыру тетігін жетілдіру мақсатында әзірленді, — делінген құжатта.
Демек, зейнетақы жинағының ең төмен жеткілікті шегі қайта қаралады. Соның арқасында азаматтардың зейнетақы жинағы тиімді түрде қалыптасады әрі оны мерзімінен бұрын жұмсағанда, теңгерім сақталады.
Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 21 сәуірге дейін талқылауға ұсынылды.
Оқи отырыңыз: Әскери қызметшілер көлік ішінде құлыпталып қалған баланы құтқарып алды