Алдын ала қорытындыда бірқатар заңбұзушылық анықталды
Үкімет Мемлекет басшысының бюджеттік тәртіпті нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде экономиканың негізгі салаларында қаражатты жұмсаудың тиімділігіне жүйелі талдау жүргізуде. Премьер-министр Олжас Бектенов қаржы министрі Мәди Такиевтің жекеменшік мектептер мен агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру аудитінің алдын ала қорытындылары туралы баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, жекеменшік мектептер саны 2020 жылғы 203-тен 2025 жылы 878-ге дейін артқан, ал оқушылар саны бес жыл ішінде алты есеге, яғни 53 мыңнан 322 мың балаға дейін өскен. Сондай-ақ аталған бағыт бойынша бюджет шығыстарының көлемі 2020 жылғы деңгейден (13,3 млрд теңге) 20 есе асып, 248 млрд теңгені құрады.
2025 жылдың соңына дейін жекеменшік мектептерді қаржыландыру жүйесі бытыраңқы әрі бақылаусыз болғаны, бұл деректердің бұрмалануына және бюджет қаражатын теріс пайдалануға жағдай туғызғаны атап өтілді. Осыған байланысты өткен жылдың соңынан бері қаржыландыру барлық кезеңнің ашықтығы мен автоматтандырылуын қамтамасыз ететін Оrta-bilim.e-qazyna цифрлық платформасына ауыстырылды, бұл қазіргі кезеңде жаңа тәсілдің тиімділігін растады әрі қаражатты жосықсыз пайдалану тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Қаржы министрлігі жекеменшік мектептерді қаржыландыруға жүргізген аудит барысында бірқатар заңбұзушылықты анықтады.
Олардың ішінде:
Қаржы министрі заңбұзушылықтардың көптеген фактілерін келтірді.
Аудит барысында анықталған деректер жекеменшік мектептердің едәуір бөлігі мемлекеттік қаржыландыруға қатысуды білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету тетігі ретінде емес, бюджет есебінен пайда табу құралы ретінде қарастырғанын көрсетеді. Мұндағы заң бұзушылықтар мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың қадағаламауынан немесе тікелей қатысуымен орын алып отыр.
Қаржы министрлігінде аудиторлық іс-шаралар әлі де жалғасуда және олардың қорытындысы бойынша жекеменшік мектептерді қаржыландыру тетігін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындалады.
Оқи отырыңыз: Цифрлық бақылау мен кеден жүйелері салық пен кеден төлемдерін қалай тиімді етті