Алматыдан 270 шақырым жерде жер сілкінді
Аlmaty.tv
Дүмпудің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдан 270 шақырым жерде жер сілкінді. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жер сілкінісі 1 ақпанда Астана уақытымен сағат 07:05-те тіркелген.
Дүмпудің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығыста 270 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің параметрлері:
- Координаттары: 41.038° солтүстік ендік, 78.387° шығыс бойлық
- Магнитудасы: 4.5
- Энергетикалық класы: 9.8
Сейсмологтар мәліметінше, жер сілкінісі Қазақстанда сезілмеген.
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, бұл жер сілкінісі адамдар үшін сезілмеген, яғни Алматыда және жақын маңдағы елді мекендерде дүмпулер байқалмаған.
Оқи отырыңыз: Активтерді қайтару: Ақтауда облыстық жедел көмек көрсету стансасын салуға 4,6 млрд теңге бөлінді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
29.10.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
29.10.2026 09:10
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47