Жеңілдетілген ипотека алып беремін деп алдағандардың ісі сотқа жетті

23.10.2026 14:30

Олар жеңілдетілген ипотека алмақ болған 51 тұрғынның ақшасын алдап алған

Астанада жеңілдетілген ипотека алмақ болған 51 тұрғын алаяқтардың құрбаны болды,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Жеті адамнан тұратын ұйымдасқан топ олардың 413 миллион теңгесін қалтасына басқан. Күдіктілер тиімді шарттармен несие рәсімдеуге және қаржыландыруға көмектесеміз деп, азаматтарды 4 жыл бойы алдап келген. Тіпті кеңсе жалдап, коммерциялық ұйымдар құрып, қызмет көрсету туралы шарттар жасасып, кепілдік хаттар дайындаған. Айыпталушылардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 2 бірдей бабы бойынша қаралады.  Іс сотқа жолданды

Оқи отырыңыз: Халық қатысатын бюджет: Алматыда тағы бір жаңа сквер ашылды

 

Толық көрсету