Жеңіс Сейдоллаұлы: Жаңа жыл әр отбасына жақсылық әкелсін!

31.12.2025 12:09

Әнші қала тұрғындарын мерекемен құттықтады

Аlmaty.tv

Танымал әнші, композитор Жеңіс Сейдоллаұлы қала тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әр отбасына жақсылық тіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Жаңа жыл әр отбасына тек жақсылық әкелсін! Еліміз, азаматтарымыз табысты болсын, алдағы жылы жағымды жаңалық мол болсын! Қазақстан халқына амандық, денсаулық, бақыт тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!» - деді Ж. Сейдоллаұлы.

Оқи отырыңыз: Роза Рымбаева алматылықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады