Жетісу облысында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Жетісу облысының әкімдігінің баспасөз қызметі
Жетісу облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

Үш қабатты жаңа мектеп ғимаратында 11 пәндік кабинет, 2 шеберхана, кітапхана, спорт және акт залдары, асхана бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысында 120 орындық жаңа мектеп іске қосылды. Ақсу ауданы Көлтабан ауылындағы бұл білім ошағы бейімделген мектептің орнына салынды, деп хабарлайды Almaty.tv Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрынғы ғимаратта асхана, спорт зал мен  мәжіліс залы болмаған. Сонымен қатар бұған дейін мектепте оқушылар 9 сыныпқа дейін білім алса, ал 10-11 сынып оқушылары басқа елді мекендердегі мектептерге тасымалданған болатын 

Үш қабатты жаңа мектеп ғимаратында 11 пәндік кабинет, 2 шеберхана, кітапхана, спорт және акт залдары, асхана, сол сияқты 25 балаға арналған мектепке дейінгі шағын орталық бар. Бұған дейін бұл орталық тек түске дейін ғана жұмыс істесе, қазір барлық мүмкіндік жасалғандықтан толық жұмыс күніне көшкен.  

Жергілікті тұрғындар жағымды жаңалыққа қатысты пікір бөлісті. Олардың қатарында ата-аналар, мұғалімдер мен оқушылар да бар.

"Ең алдымен, біз үшін ең үлкен қуаныш – енді балаларымыз өздерінің туған ауылынан көршілес елдімекендерге қатынап оқымайтын болды. Мектепте оқушылардың сапалы білім алуына, ал біз үшін жайлы жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған заманауи пәндік кабинеттеріміз бар. Атап айтқанда, зертханасы бар физика кабинеті, лингафон кабинеті, информатика кабинеті жабдықталған, барлығында панельді тақталар орнатылған. Мұның бәрі пәнді терең әрі жан-жақты түсінуге, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік береді", – деді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ержан Біржанов.

Оқи отырыңыз: Алматы музейлері мәдени мұраны сақтаудың халықаралық стандартын енгізіп жатыр

Новости партнеров