Жетісу облысында 25 млн теңгенің жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Прокурорлар ірі жер алқаптарының тиімсіз пайдаланылуына тосқауыл қойды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысының прокуратурасы жылдар бойы мақсатсыз иеленуде болған ауыл шаруашылығы алқаптарын мемлекет меншігіне қайтарып, мемлекет мүддесін қорғауды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Ескелді ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында уәкілетті органдар жалдау мерзімі өткен жерлерді қайтару шараларын жүргізбегені және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді өндіру мәселесіне тиісті көңіл бөлмегені анықталды. Соның салдарынан құнды ресурстар экономикалық айналымнан тыс қалған.

"Жағдайды түзету мақсатында енгізілген прокурорлық ықпал ету актілерін қарау нәтижесінде пайдаланылмай жатқан жалпы ауданы 1000 гектар жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Қайтарылған активтердің бағалау құны 25 млн теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Бұл жерлер енді өңірдің мұқтажына, соның ішінде жергілікті халық үшін жайылым тапшылығы мәселесін шешуге бағытталатын болады.

Жетісу облысының прокуратурасы заңдылық пен жер ресурстарын ұтымды пайдалану қағидатын қамтамасыз ете отырып, жер қорын түгендеу бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында 42 жыл құжатсыз жүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды

Новости партнеров