Жетісу облысында аудан әкімінің орынбасарына сот үкім шығарды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Шенеунік қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған 

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысында аудан әкімінің орынбасары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталып, нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, іс Алакөл ауданының Арқарлы ауылында электр желілерін салу және қайта жаңғырту жұмыстарына қатысты болған.

"Тергеу деректеріне сәйкес, аудан әкімінің орынбасары іс жүзінде орындалмаған жұмыстар бойынша жалған актілерге қол қойған. Соның салдарынан бюджет қаражатынан 189 миллион теңгеден астам қаржы заңсыз аударылған", - делінген прокуратура хабарламасында.

Мемлекеттік айыптау ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы («ауыр салдарға әкеп соққан қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша лауазымды тұлғаның кінәсін толық дәлелдеді.

"Алакөл аудандық сотының үкімімен аудан әкімінің орынбасары мүлкі тәркіленбей, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды", - делінген хабарламада.

Қадағалау органдары бұл шешім заң үстемдігі қағидатын айқындайтынын атап өтті:

Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше қылмыстық топтың жолы кесіліп, 325 келі есірткі тәркіленді - ІІМ

Новости партнеров