Жетісу облысында қар құрсауында қалған азаматтар құтқарылды

21.12.2025 10:31

Олар қар құрсауынан қауіпсіз жерге шығарылды

Видеодан кадр

Жетісу облысында қар құрсауында қалған азаматтар құтқарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, Көктұма бекетінен 15 шақырым қашықтықтағы жолда қар құрсауында екі көлік тұрып қалған.

«Көлік ішінде екі адам болды. Оқиға орнына Ақши ауылының ТЖМ жедел-құтқару жасағының күштері жіберілді», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар күшімен азаматтар эвакуацияланып, қар құрсауынан қауіпсіз жерге шығарылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Оқи отырыңыз: Қатты аяз, қар, бұрқасын: жексенбі күнгі ауа райы болжамы қандай