Жетісу облысында әкесі үш жастағы қызын өлімші етіп сабаған

Бүлдіршіннің жағдайы ауыр деп бағаланып, дәрігерлер түрлі ем шараларын қабылдап жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысында әкесі үш жастағы қызын өлімші етіп сабаған. Алған ауыр соққыдан бала жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүлдіршін Талдықорған қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып, дәрігерлер түрлі ем шараларын қабылдап жатыр. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, әкесі қызын ішімдікке сылқия тойып алып ұрып-соққан.

Аталған дерек бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалып, жедел шаралар қабылданды.

«Сағат 21:00-де «102» арнасына медициналық мекемеден үш жастағы баланың зорлық-зомбылық белгілері бар дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Аталған дерек бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері баланың әкесін тұрғылықты мекенжайы бойынша алкогольдік масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Шарапиев

Оқи отырыңыз: Шымкентте пара алған полицей 6 жылға сотталды

Новости партнеров