Жетісу облысында мемлекеттік сатып алудағы заңсыздыққа жол берілмеді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Заң талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысы прокуратурасы Сарқан ауданында құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алулар барысында заңбұзушылықтардың жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жетісу облысының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында «Сарқан аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ңің қызметінде мемлекеттік сатып алу және сәулет-құрылыс заңнамасының сақталуына тексеру жүргізіп, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеп соғуы мүмкін бұзушылықтарды анықтады. Қабылданған шаралар заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Анықталғандай, мекеме аудандық аурухана аумағында жалпы сомасы 53 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ашық конкурс жариялаған. Сатып алу құжаттамасында аталған жұмыстар «ағымдағы жөндеу» ретінде көрсетілген.

Жобалық құжаттаманы талдау нәтижесінде көзделген жұмыстардың, оның ішінде асфальт төсеу, аллеяларды абаттандыру, қоршаулар орнату және объектілерді монтаждау жұмыстарының өз сипаты бойынша тиісті арнайы құрылыс лицензиялары мен рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана жүзеге асырылатын құрылыс жұмыстары санатына жататыны анықталды.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша Сарқан ауданың прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Қадағалау органының араласуы нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылып, заң талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысының прокуратурасы бюджет қаражатының заңды әрі тиімді жұмсалуына тұрақты түрде қадағалау жүргізіп, мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз етуге және қоғамдық мүдделердің қорғалуына ерекше мән береді.

Оқи отырыңыз: ТЖМ балалардың терезеден құлау қаупіне қатысты ескерту жасады

Новости партнеров