Жәркен Бөдешұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

28.10.2024 16:01

Жиынға келгендер көрнекті қаламгердің еңбектері халық жадында мәңгі сақталатынын айтты

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Жәркен Бөдешұлына ескерткіш тақта қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан Жазушылар одағы және Алматы қаласының мәдениет басқармасының бастауымен мемориалдық белгі ақынның тұрған үйіне орнатылды. Жиынға келгендер көрнекті қаламгердің еңбектері халық жадында мәңгі сақталатынын айтты.

"Мен ақын емеспін, менің тағдырым ақын" деп жырлаған қазақтың көрнекті ақыны Жәркен жырау Бөдешұлының тұрған үйіне бүгін ескерткіш тақта орнатылып жатыр. Өмірінің соңғы жылдарындағы сүйікті шығармаларды, лирикалық өлеңдері Құлагер ықшамауданындағы үйінде жазылды", – деді ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Серік Әкірамұлы.

Оқи отырыңыз: Әлем таныған Әбдіжәміл: жазушының еш жерде жарияланбаған фотосуреттері кітапқа енді