Жайық өзені арқылы Қазақстанға 6,43 млрд текше метрден аса су келді

Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстары және ирригация министрлігі

Елімізде бұл өзен Атырау облысы арқылы Каспий теңізіне құяды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдың алғашқы жарты жылында Жайық өзені арқылы Қазақстанға 6,43 млрд текше метрден астам су келгені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

«Январцево» шекаралық гидробекетінің деректері бойынша, биыл алты айда Ресей аумағынан Қазақстанға Жайық өзені арқылы 6,43 млрд текше метрден астам су келген.

Жайық трансшекаралық өзенінің су ағысының 80%-ға жуығы Ресей Федерациясы аумағында қалыптасады. Елімізде бұл өзен Атырау облысы арқылы Каспий теңізіне құяды. 

«Өзен суының бөлінуі 1996 жылғы 20 маусымда бекітілген Жайық өзені бассейнінде трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау, су шаруашылығы қызметін үйлестіру туралы Хаттамаға сәйкес реттеледі. Құжатта Ресей тарапынан Қазақстанға жіберілетін су көлемі ай сайын нақтыланған», — деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытай және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастығы басқармасы басшысы Нағима Әжіғұлова.

Оқи отырыңыз: Қымбат көлікті айдап әкеткен күдіктілер ұсталды

Новости партнеров