Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, ұрланған көлік өз иесіне қайтарылды
"Самал" базары маңындағы жол жиегінде иесі қараусыз қалдырған BMW-325 көлігін белгісіз біреу ұрлап кеткен. Көлігі бұзылғанын, оны жоғалтып алғанын айтқан қала тұрғыны полицияға арызданған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 35 жастағы күдікті анықталды. Ол кінәсін мойындаған.
"Ол біраз уақыт көлікті сырттай бақылап жүргенін және иесі жоқ деп ойлағанын айтқан. Тергеу барысында ер адам эвакуатор жүргізушісімен келісіп, оған көлікті ұрлап жатқанын айтпай, темір тұлпарды өз үйіне апарып қойғаны анықталды", – деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, ұрланған көлік өз иесіне қайтарылды.
Оқи отырыңыз: Жайық өзені арқылы Қазақстанға 6,43 млрд текше метрден аса су келді