Жалған ақша жасағаны үшін Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды

09.06.2025 15:40

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды

стоп кадр

Ол 2024 жылы Түркия Республикасынан жалған банкноттарды әкеліп, Қазақстан аумағында өткізген деген күдікке ілінген. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Грузиядағы елшілігінің көмегімен Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізе отырып, жалған банкноттарды сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Грузиядан экстрадициялады.

"Ол 2024 жылы Түркия Республикасынан жалған банкноттарды әкеліп, Қазақстан аумағында өткізген деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Осы жылдың мамырында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Әйел адам қоқыстан 187 миллион теңге тауып алды